"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Блял Тналин атындағы Бірсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Берсуат имени Бляла Тналина отдела образования по Аршалынскому району управления образования  Акмолинской области"

СоцСети

   ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу знак инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке жол" акциясы

14.08.2023
"Мектепке жол"акциясын өткізу туралы.
Бірсуат ауылдық округінде 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында "Мектепке жол"дәстүрлі республикалық акциясы өткізіледі.
Ағымдағы жылы акция "Жақсылық жаса" деген ұранмен өтеді.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акция шеңберінде демеушілерді, әлеуметтік әріптестерді, мемлекеттік құрылымдарды қайырымдылық көмек көрсетуге тарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін "жедел желілер", "сенім" телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Ауылымыздың әрбір тұрғынын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдан келгенше көмек көрсете отырып, "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз.
Просмотров: 918


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст